RU

"Бізді кешіріңіздер": Жомарт Ертаев сотта соңғы сөзін айтты

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Белгілі қазақстандық банктердің бірінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған бұрынғы банкир Жомарт Ертаев сотта соңғы сөзін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

36 банкир сот алдына келді. Олардың барлығы Алматыдағы Алмалы аудандық сотының ғимаратында сөз сөйледі.

Бұл іске қатысқан басты тұлға - Жомарт Ертаев. Айта кетейік, бұған дейін прокурор оны 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Экс-банкир өзінің соңғы сөзінде істеген ісі үшін өкінетінін айтты.

"Мен бір кездері атымның жалпылама болып кетуінен қорқамын. Мүмкін, қоғам тағы бірнеше жыл бойы: "Ертаевтың қателіктерін қайталамаңдар", - деп айтатын шығар. Мен, әрине, бұл сөздерге лайықпын", - деді Ертаев.

Оның сөзінше, мансабының басында ол өзіне бай болуды мақсат етпеген. Айтуынша, ол өзін "әлемді жақсы жаққа өзгертуге қабілетті миссионер" ретінде көрген, алайда кейінірек, бір сәтте оны "әдемі өмір азғырды".

"2,5 жыл ішінде мен өз ойымды қатты өзгерттім, көптеген кітаптарды оқыдым, бұрын жоғалтқан руханилықты қалпына келтіруге тырыстым", - деп мойындады экс-банкир.

Ол сондай-ақ өзіне "өмірінің соңына дейін банктерге жолауға" мүмкіндік берілмеуі мүмкін екенін атап өтіп, "халық денсаулығына қауіп төндірмейтінін" айтты.

Ертаевтың айтуынша, бостандыққа шыққаннан кейін ол өзінен зардап шеккен аамдармен есеп айырысу үшін бәрін жасайтынын, сонымен бірге отбасы мен достарына қамқорлық жасайтынын алға тартты. Бұған қоса, ол барлығынан кешірім сұрап, қорғаушысына атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

"Шын жүректен барлығынан, әсіресе туыстарым мен жақындарымнан кешірім сұраймын. Бізді кешіріңіздерші", - деді Ертаев соңғы сөзінде.

Сонымен қатар, экс-банкир өзінің өмірбаянынан бірнеше сөз қоса кетті.

"Мен жаһандық бизнес-жобаларды құруға қатыстым, 4 күндік жұмыс аптасын енгіздім, қайырымдылық жасадым. Өзім кедейлікте өсіп, кедей-кепшіктердің арман-тілектерін әрдайым түсінетінмін. Бала кезімде еден жуып, қой жайып, барахолкада сауда жасадым - мен ешбір жұмыстан қашқан емеспін.

Анам мені протестанттық этика рухында тәрбиеледі, оның мәні - Құдайға деген сенім және шығармашылық жұмыс. Мен иемденген немесе жұмыс істеген компаниялар әрдайым салықтарды уақытында төлеп келген. Ересек өмірімде мен 10 мыңнан астам жұмыс орнын құра алдым. Құдай ақыл-ойды берді", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін оңтүстік астанада бұрынғы қазақстандық банкир Жомарт Ертаев басты күдікті ретінде қаралып жатқан қылмыстық іске қатысты сот басталғанын хабарлағанбыз.

Ол ірі көлемде қаржы жымқырды деп күдіктелді. Бас прокуратураның баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы жымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876627-bizdi-kesiriizder-zomart-ertaev-sotta-sogy-szin-ajtty.html