RU

Бақыт Есімова Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бақыт Есімова
Бақыт Есімова. Фото: Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Бақыт Есімова тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс басшысы Архимед Мұхамбетовтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Әкімнің жаңа орынбасары әріптестеріне бүгін, 28 қыркүйекте таныстырылды.

Марат Жүндібаевтың ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінен ауысуына байланысты Бақыт Есімова әкім орынасары болып тағайындалған.

Айта кетсек, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін бұған дейін Есімова атқарған.

Қостанай облысы әкімінің жаңа орынбасарының екі жоғары білім туралы дипломы бар. Ол Арқалықта туып-өскен.

Шенеунік ішкі саясат, мемлекеттік тіл саясаты, этносаралық сала, балалардың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін мекемелерде, бастауыш және орта кәсіби білім беретін оқу орындарында білім беру қызметін ұсыну, мәдениет, дін, демография, жастар саясаты, шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

"Жаңа қызметте табыс тілеймін!", - деді Архимед Мұхамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ай сайын 766 мың теңге жалақы алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар осы өңірде құс тұмауының өршуіне байланысты карантин режимі енгізілді.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім-жітім байқалмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876628-bakyt-esimova-kostanaj-oblysy-kimini-orynbasary-bolyp-tagajyndaldy.html