RU

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсініктеме берді

Теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов теңге бағамының қазіргі динамикасына не әсер еткенін, ішкі валюта нарығындағы жағдайдың дамуы және әлемдік нарықтардағы басты оқиғалар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"28 қыркүйектегі нарықта теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы мұнай бағасының аса өзгермегеніне қарамастан, өткен аптадағы сауданың жабылуымен салыстырғанда 426,60 деңгейінде 0,38%-ға 428,20-ға дейін әлсіреді. Бұған не себеп болды?", - деген сұрақ қойылды Тұрсынхановқа.

Маман ұлттық валютаның шынымен әлсірегенін растады. Оның пікірінше, бұған бірінші кезекте әлемдік нарықтағы доллардың нығаюы әсер етеді.

"АҚШ долларының индексі таяудағы коронавирустың екінші толқынынан, сондай-ақ АҚШ-тағы президенттік сайлауға байланысты нығайып, екі айлық ең жоғарғы деңгейге жетті.

ХВҚ мәліметтері бойынша, коронавирус пандемиясымен байланысты дағдарыс ұзаққа созылады және кейбір елдерге экономикаларын қайта қалпына келтіру үшін бірнеше жыл қажет болады. Еуропадағы коронавирустың екінші толқыны мен шектеу шараларын енгізу туралы алаңдаушылық та долларға тиімді әсер етеді", - деді Тұрсынханов.

Сондай-ақ, оның пікірінше, тек қазақстандық валюта ғана емес, дамушы елдердің валюталары да сыртқы нарықтың қысымына ұшырады.

Мысал ретінде ол долларға қарағанда сәл әлсіреген түрік лирасын, бразилиялық реалды, мексикалық песо мен оңтүстік африкалық ранды келтірді.

Рубль, сарапшының пікірінше, "антирекорд" орнатты.

"Өткен аптада бір доллар 78 рубльден асып, сәуір айынан бергі ең жоғары көрсеткішке ие болды.

Мосбиржадағы сауда-саттық 78,19 деңгейінде жабылып, жұма күні 1,35% - ға төмендеді", - деп мәлімдеді Тұрсынханов. Мұнай бағасына келетін болсақ, маманның пікірінше, доллар индексінің өсуі олардың төмендеуіне "түрткі болды".

Естеріңізге сала кетейік, өткен апатада америкалық валюта бағасының тағы өскенін хабарлаған едік. Доллар бір тәулік ішінде 1,3 теңгеге қымбаттап, 426,1 теңгеден сатыла бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің не себепті әлсіреп кеткенін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876644-lttyk-bank-tegeni-lsireuine-katysty-tsinikteme-berdi.html