RU

"Карантин жеңілдеп жатыр": Қазақстанда той жасауға рұқсат берілді ме

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Қазақстандықтарға көп қонақ шақырып, той өткізуге рұқсат беріле ме? Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы" 2020 жылғы 15 тамыздағы №48 қаулысына сәйкес отбасылық, салтанатты, естелік шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өткізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынған", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі карантин режимі кезінде құқық бұзып, той немесе еске алу шарасын жасаған тұлғаларға әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл қарастырылғанын еске салды.

Фото
Фото: Olx.kz

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда бір апта ішінде карантин шараларын бұзғаны үшін 40-қа жуық кәсіпкерлік нысанына айыппұл салынды.

Оған қоса, Алматы облысында үйлену тойының кортежіне қатысқан жүргізушілерге айыппұл салынып, көліктері арнайы тұраққа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876669-karantin-zeildep-zatyr-kazakstanda-toj-zasauga-rksat-berildi-me.html