RU

Ақтауда cарбаздың басына оқ тиді: Дәрігерлер әскеридің жағдайын айтты

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтаудағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаздың басына оқ тиді. Белгілі болғандай, бүгінде әскеридің беті бері қараған, ол жақын күндері ауруханадан шығуға дайындалып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақсы жаңалықты Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімінің басшысы Гельман Чагай жариялады деп жазады "Тумба" басылымы.

Маманның айтуынша, 19 жастағы сарбаз бас сүйегінен алған оқ жарақатымен ауруханаға түскен.

"Сол жақ самайын тексеру кезінде оқтың бастың жұмсақ тіндерінен өтіп, шашта тұрып қалғаны анықталды. Сарбаздың сүйек тіндері мен миына зақым келтірілмеген", - деді нейрохирург.

Чагай әскеридің жолы болды деген ойда. Дәрігердің айтуынша, егер оқ бүйіріне өтіп кеткенде, оның салдары мүлде басқаша болуы мүмкін.

Бөлім басшысының айтуынша, әскери өзіне не болғанын да түсінбеген. Оның айтуынша, жігіт біраз уақытқа есін жоғалтқан, ал өз-өзіне келгенде тікелей бөлікке бет алды.

"Қазір сарбаз өзін жақсы сезінеді, аптаның соңында біз оны шығарамыз", - деді Чагай.

Жігіттің бұдан кейінгі тағдырын әскери дәрігерлер шешеді. Істі әскери комиссия қарастырады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Таулы Қарабақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Әзербайжанның бірқатар өңірінде соғыс жағдайы енгізілген болатын.

Сондай-ақ. Трамп Таулы Қарабақтағы жағдайға пікір білдірді.

Айта кетейік, Армения Әзірбайжанмен шайқас кезінде 31 сарбаздың қаза тапқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876718-aktauda-carbazdy-basyna-ok-titi-drigerler-skeridi-zagdajyn-ajtty.html