Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Моңғолия мен Қазақстан арасында жаңа әуе рейсі ашылды

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңа әуе рейсі Қазақстанның ең ірі мегаполисі - Алматы мен Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр арасын жақындатады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Моңғолиядағы Қазақстан елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия үкіметінің Атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз жиынына қатысты.

Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтаған елші 2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда өткен келіссөздерді есіне алды. Аталмыш келіссөздер барысында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен Моңғолияның премьер-министрі Ухнаагийн Хурэлсух осы бағыт бойынша әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізген еді. Елші бұл уағдаластықтың толық орындалғанын атап өтті.

Жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні сөз етілді.

Үстіміздегі жылдың 28 қыркүйегінде «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы «Ұлан-Батыр – Алматы – Ұлан-Батыр» бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады.

"Covid-19 салдарынан туындаған әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты жиілігі белгіленеді", - делінген СІМ ресми сайтында.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыға ұшып келе жатқан Air Astana ұшағы Шымкентке мәжбүрлі түрде қонғанын жазған едік.

Одан бөлек, Алматы аспанында айналып жүрген Air Astana ұшағы тұрғындарды алаңдатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876742-mogolia-men-kazakstan-arasynda-zaa-ue-rejsi-asyldy/

pixel