Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Арменияны қантөгісті тоқтатуға шақырды

Опубликовано:

Рамзан Қадыров1
Фото: Yelena Afonina\TASS via Getty Images

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Әзербайжан мен Армения халықтарына "мағынасыз қантөгісті тоқтатуға" үндеу тастады деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында "Таулы Қарабақ белгілі бір күштер емдеуге мүмкіндік бермейтін қансыраған жараға айналды" деп жазды. Оның айтуынша, Кавказдағы барлық бауырлас халықтар осы аурумен ауырады.

"Мен бауырлас әзірбайжан мен армян халықтарын қақтығысты ақыл мен адамгершілік туралы түсініктен алыстататын мағынасыз қантөгісті тоқтатуға шақырамын.

Мұндай жағдайда кінәлі тараптарды және бірінші болып оқ атқандарды іздемеу керек", – деп жазды ол.

Шешенстан басшысы қақтығысушы тараптарды "ашу-ызаны қойып, жағдайды ақылға салуды, кішіпейілділік танытып, әкелері мен аналарына балаларын тірі және сау көруге мүмкіндік беруге" шақырды.

Еске салсақ, Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қызы Айшат сол елдің мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.

Арменияның Ресейдегі елшісі Түркияның әскери әрекетке дайындалып жатқан әскерлерін Сириядан Таулы Қарабаққа ауыстырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1876754-ramzan-kadyrov-zirbajzan-men-armeniany-kantgisti-toktatuga-sakyrdy/

pixel