RU

Әзірбайжан билігі елдегі әлеуметтік желілерді бұғаттап тастады

әлжелі4
Көрнекі фото: pixabay.com

Әзірбайжанда Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстан кейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер бұғатталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известияға сілтеме жасап.

Әзірбайжанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің бұғатталғанын NetBlocks хабарлаған.

Сервистің ақпаратына сүйенсек, Facebook, WhatsApp, YouTube, Instagram, TikTok, LinkedIn, Twitter, Zoom және Skype платформаларына кіруіге шектеу қойылған.

Биліктің мұндай шешімге келуіне Армения тарапынан ылаң салушылардың алдын алу себеп болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілгенін жазған едік.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елдімекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Сондай-ақ, Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің айтуынша, Арменияның қарулы күштері көптеген әскери техника және 550-ден аса әскери қызметкерінен айырылған.

"Атап айтқанда, әзірбайжандық әскер 22 танк және ауыр бротехниканы, 15 дана "ОСА" зениттік зымыран жүйесін, 18 ұшқышсыз ұшатын аппаратты, 8 артиллериялық қондырғыны, оқ-дәрі сақталған 3 қойманы жойды. Одан бөлек, 550-ден аса әскери қызметкер өлтірілді", - делінген мәлімдемеде.

Әскери іс-әрекет кезінде Арменияның подполковнигі Лерник Бабаян қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876760-zirbajzan-biligi-eldegi-leumettik-zelilerdi-bgattap-tastady.html