RU

Петропавлдықтар демалыс күндері көп адам шақырып, отбасылық той өткізген

үйлену
Көрнекі фото: pexels.com

Петропавл тұрғындары пандемияға байланысты шектеу шараларына қарамастан дүркіретіп той өткізген. Қуаныш иелері карантин ережелерін ескермей, отбасылық жиындарына жүзден аса адам шақырған деп жазады KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ІІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Анықталғандай, думанды тойлар Петропавлдағы “Эмират” пен "Созвездие" мейрамханаларында өткізілген. Дүбірлі шараға жүзден аса қонақ жиналған. Бұл карантиндік шектеу шараларын бұзу болып табылады.

Қазіргі уақытта облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жарлығымен адамдар көп жиналатын кез-келген салтанатты іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Заң бұзушылық фактілері жөнінде учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша материалдар жинақтап, мекеме иелері мен тапсырыс берушілерге қатысты әкімшілік шаралар қолдану үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырды.

"Іс-шараны ұйымдастырушылар айыппұл төлеуді ғана емес, жауапкершілікті де түсінулері тиіс. Біз іс-шараларды тоқтатуға міндеттіміз, сондықтан ақшадан басқа көп нәрсені жоғалту қаупін түсінулері тиіс. Ең бастысы, сол жерде жұмыс істейтін құрамға және тойға келген қонақтардың денсаулығына толығымен жауап беру қажет" , – деп атап өтті Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ, демалыс күндері Петропавлда түнгі сағат 12-ден кейін екі сауна жұмыс істеген, бұл да бұзушылық болып табылады. Барлығы Солтүстік Қазақстан облысында қыркүйек айында 99 карантиндік бұзушылық анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876777-petropavldyktar-demalys-knderi-otbasylyk-toj-tkizgen.html