RU

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді

полиция 1656
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қаржылық мониторинг комитеті "Стоп обнал" жедел-іздестіру іс-шаралары аясында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Белгілі болғандай, олар ұзақ уақыт бойы іс жүзінде жұмыс атқармай, қызмет көрсетпей және тауарларды жөнелтпей, шот-фактуралар жазып беріп отырған.

Қаржылық мониторинг комитетінің ақпарынша, алдын ала мемлекетке келтірліген шығын сомасы 776 миллион теңгені құрайды.

Өңірлік экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері топтың ұйымдастырушысына, жетекшісіне және қатысушыларына қатысты ҚР ҚК-нің 262 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін криминалдық полиция департаментінің басшысы онлайн-брифинг барысында өткен жылы тәртіп сақшыларының адам ағзаларын заңсыз трансплантациялаумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кескенін мәлім етті.

Сондай-ақ ведомство басшысы атап өткендей, соңғы жылдары сексуалдық мақсатта пайдалану үшін қазақстандықтарды Бахрейн, Түркия және Оңтүстік Кореяға шығару жолдары кесілген. Ағымдағы жылы Қазақстанда адам саудасымен байланысты қылмыстар үшін 26 адам сотталған.

Бұған дейін еліміздің ішкі істер министрлігі қыздарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды шетелге алдап апарып, сексуалдық мақсатта пайдаланған қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876805-kyzylorda-oblysynda-jymdaskan-kylmystyk-topty-zoly-kesildi.html