RU

"Африкалық Кардашьянмен" көңіл қосқан ергежейлі жігіт президенттікке үміткер атанбақ (фото)

Мусса
Фото: Newsflash

Гвинеяда тұратын "Африкалық Ким Кардашьянмен" көңіл жарастырған ергежейлі музыкант ел президенті атануға өз канидатурасын ұсынатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Гранд П лақап атымен танымал Мусса Сандиана Каба Гвинеяда өзін президенттікке ұсынбақ деп жазады Daily Star басылымы.

Жігіттің президент атануына оның Юдокси Яо есімді қалыңдығы барынша қолғабыс етпек. Бойжеткен ерекше үлкен жамбасының арқасында "Африкалық Ким Кардашьян" атанып кеткен.

Мусса
Фото: Newsflash

Прогерия атты сирек дертке шалдыққан Муссаның бойы өспей қалған. Десе де өз махаббатын тауып, модель аруға үйленуді жоспарлап отырған азамат желіде өзін мазақ ететіндерден әбден мезі болған. Ол өз Facebook парақшасында өзінің президент атануға бақ сынайтынын мәлімдеді.

"Мен Гвинеяда 2020 жылы өтетін президент сайлауына өз кандидатурамды ұсынамын. Гвинеяны Құдай жарылқасын", - деп жазған ол.

18 қазан күнгі сайлауға қатысу үшін Мусса Amour Thinkration et Unite (ACU) атты саяси партия құруға кіріскен. Оның қалыңдығы Яо Муссаға бұл мақсатына жету жолында барынша көмектеспек.

Мусса
Фото: Newsflash

Келесі жылы қаңтарда некесін қиюды жоспарлап отырған жұп президент атануға барын салуда.

Сол арада Гвинея елінің қазіргі президенті Альфа Конде үшінші кезеңге өз кандидатурасын растап үлгерді.

Еске салсақ, бұған дейін біз 157 келіден 64 келіге дейін салмақ тастаған әйел тез арықтаудың құпиясын айтқанын жазған едік.

Одан бөлек, көк тиынға сатып алынып, қыруар қаражатқа сатылған сегіз таңғажайып бұйым туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876815-afrikalyk-kardasanmen-kil-koskan-ergezejli-zigit-prezidenttikke-mitker-atanbak-foto.html