Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен төсек қатынасына түскені үшін сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexel.com

Ақтөбеде жасөспірім 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болғаны үшін сотталуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы НеМолчиKZ қоры Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Онда кәмелет жасына толмағандар қыз-жігіт болып кездесіп жүргені айтылған. Бала 17-де, ал қыз 15 жаста.

Шілде айында екеуі бірге баланың әжесінің үйіне қашып кеткен. Оларды ата-анасы үйіне қайтарғанымен, жасөспірімдер кейіннен қайта қашып кетеді. Оларды сол күні тапқан бойда қыздың анасы медициналық сараптама жасауды талап етеді.

"16 қыркүйекте бозбала қылмыстық кодекстің 122-бабы "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оның 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылды.

18 қыркүйекте Ақтөбенің тергеу соты бозбаланы екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Жазба авторының айтуынша, қыздың анасы сараптаманы талап еткеніне өкініп отыр. Себебі, заңның балаларға қатал болатынын білмеген. Ата-анасы екі жасөспірімнің үйленуіне қарсы емес, алайда бұған заң рұқсат бермейді.

"Заңға қайшы әрекетті көріп отырмыз, бірақ неге тергеу сотына жәберіленуші тарапты шақырмады? Неге қыздың анасына өз пікірін айтуға мүмкіндік бермеді? Неліктен қорғаушылар ақша алып, өтініш жазбайды? Айыпталушы тараптың адвокаты ештеңе істеген жоқ. Тіпті, сот шешіміне наразылық білдірмеді. Ол жәбірленуші тарапты сотқа шақыруды неге талап етпеді? Балалар аңғалдығы мен ақымақтығынан ешкімнен ештеңе жасырған жоқ. Олар полиция бөлімшесінде де бір-бірін жақсы көретінін дәлелдеді емес пе? Ал нағыз педофил бәрін соңына дейін жоққа шығарады", – деп жазды ол.

Жазба авторы бұл істе сыбайлас жемқорлық бар болуы мүмкін екенін де айтты.

"Мүмкін ата-аналар біреуге ақша төлеуден бас тартқан шығар? Қазіргі уақытта қаншама зорлықшы сараптама бойынша қылмысы расталса да бостандықта жүр. Қамқоршылық органдар жасөспірімдерді неге қорғамайды", – деп жазды ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін 20 жастағы Леа Кордис 2017 жылы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін екі жылға сотталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876830-aktbelik-bozbala-sjiktisimen-tsek-katynasyna-tskeni-sin-sottaluy-mmkin/

pixel