RU

Елордада қандай жағдайда карантин қатаңдатылуы мүмкін

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елорданың бас санитар дәрігері онлайн брифингте қалада қандай жағдайда қатаңдатылған карантин қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанна Піралиеваның айтуынша, Нұр-Сұлтанда пандемия басталғалы бері 14 084 коронавирус дерегі тіркелген. Олардың 8645-і симптомды және 5439-ы симптомсыз. Сонымен бірге зертханалық тұрғыда расталмаған 540 жағдай бар. Маусымда мектепке дейінгі балалар арасында коронавирус белгілері жоқ 3 жағдай тіркелді.

Маман 17 тамыздан бастап шектеу шараларының кезең-кезеңімен жеңілдетіле бастағанын атап өтті. Бұл халық арасында вирус жұқтыру көрсеткішінің төмендеуіне байланысты.

Алайда, бизнес субъектілері мен жеке тұлғалар арасында әлеуметтік қашықтық сақталмай, халық маска тақпай, жаппай іс-шаралар өткізіп келеді.

Осыған байланысты Піралиева карантин режимі қайтадан қатаңдатылуы мүмкін екенін ескертті.

Еске сала кетсек, бұған дейін ол оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус індетін жұқтырудың барлығы алты жағдайы тіркелгенін айтты.

Біріншісінде оқушы мектепке барып жүрген. Ал қалған бесеуі қашықтан оқытылғаны анықталды.

Дегенмен мектеп мұғалімдері арасында вирус жұқтыру дерегі тіркелмеген.

Айта кетсек, бұған дейін өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан елімізде төрт адам қайтыс болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Қазақстанда бір тәулікте тағы 58 адам коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876838-elordada-kandaj-zagdajda-karantin-katadatyluy-mmkin.html