Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем қорқынышты межеге жетті": БҰҰ бас хатшысы вирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

БҰҰ бас хатшысы
Антониу Гутерреш. фото: alchetron.com

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асуы есеңгіретерлік жағдай екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, әлемде COVID-19 індетінен қайтыс болғандар саны 1 000 555 адамға жеткен.

"Біздің әлем қорқынышты межеге жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл - есеңгіретерлік көрсеткіш", – деді БҰҰ бас хатшысы.

Сондай-ақ, ол вирустың таралуы, жұмыс орындарын жоғалту сынды күйзелістердің шегі көрінбейтінін атап өтті.

"Біз бұл проблеманы еңсере аламыз. Жіберген қателіктерден сабақ алуымыз керек. Жауапкершілікпен басқару маңызды. Ғылым мен ынтымақтастықтың да маңызы зор", – деді Гутерреш.

Сондай-ақ, оның пікірінше, коронавирус туралы жалған ақпараттар адамдарды өлтіреді.

Бас хатшы вакцинаға қол жеткізгенге дейін адамдарды қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, қол жуып жүруге шақырды.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан елімізде төрт адам қайтыс болды.

Сондай-ақ Қазақстанда өткен тәулікте 58 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды.

Жалпы республика бойынша ауырғандар саны 107 833 адамға жетіп отыр.

Еске сала кетсек, коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцинаның жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін екенін хабарлағанбыз. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876840-lem-korkynysty-mezege-zetti-b-bas-hatsysy-viruska-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel