Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сөзін көтере алмады": Қостанайда ер адам туған анасын өлтірген

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысы Рудный қаласында 63 жастағы ер адам анасын өлтірді деп күдіктеліп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы alau.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Рудный қаласында 22 қыркүйекте сағат 03.38 шамасында И.Франко көшесінде өз пәтерінен зорлық белгілері бар қарт әйелдің денесі табылған.

Белгілі болғандай, 89 жастағы әйелдің денесінде жарақаттар бар.

"Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полиция қызметкерлері 63 жастағы күдіктіні, жәбірленушінің ұлын анықтады. Ер адам өзіне айтылған ескертулерге байланысты әйелді ұрып-соққан", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті қолға түсіп, Рудный полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Алматыда ер адам 32 жастағы әйелді пышақтап тастағаны туралы жазған едік. Тағы екі адам ауыр жарақаттар алған. Бұл қайғылы жағдайдың мән-жайы белгілі болды.

Одан бөлек, Алматыда ер адам дезинфекция жасаушы азаматқа пышақ ала жүгіргенін жазған едік. Тұрғын үй кешенінің бейнебақылау камераларынан алынған видео әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Оған қоса, Оралда қарапайым отбасындағы тұрмыстық жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды. 69 жастағы әйел күйеуінің жүрегіне пышақ тығып алған, соның салдарынан ер адам көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1876863-szin-ktere-almady-kostanajda-er-adam-tugan-anasyn-ltirgen/

pixel