Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ, бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жайық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі, өңірдің энергияға тәуелділігі және жергілікті жолдардың жағдайы сияқты облыстағы негізгі мәселелер туралы мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысының әкіміне Үкіметпен бірлесе отырып, аталған проблемаларды шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев етті мал шаруашылығын дамыту және осы бағытқа ғылыми тұрғыдан баса мән беру, мұнай мен газ өндіруге қатысы жоқ салаға тартылатын инвестицияны ұлғайту, өнеркәсіпті әртараптандыру, сондай-ақ, өңдеу секторының өндірісін арттыру жөнінде Ғали Есқалиевтің алдына бірқатар міндет қойды.

Мемлекет басшысы жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды экономикалық қызметке тартуды жалғастыруға, сонымен қатар аймақтағы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерге қатысты мәселелерді түбегейлі шешуге тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың екінші толқынына дайын болу керегін айтты. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876883-tokaev-batys-kazakstan-oblysyny-kimine-birkatar-tapsyrma-berdi/

pixel