Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ер адам көшеде әйелдің ұялы телефонын тартып алды

Опубликовано:

Ұялы телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандылық полицейлер әйелді тонаған қылмыскерді ізін суытпай ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28 қыркүйекте Қарағанды қаласы Октябрь ПБ-не жеке үйлер аумағында адамды тонады деген хабарлама түсті.

Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы 52 жастағы жәбірленушіні анықтады. Ол көше бойында ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатқан кезінде, алдынан белгісіз біреудің кенеттен шығып, оның қолынан телефонды жұлып алып, қашып кеткенін айтты.

Абдырап қалған әйел қылмыскердің қай бағытта қашқанын және сырт келбетін сипаттап берді. Полицейлер ізін суытпай бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған 37 жастағы күдіктіні ұстады.

Қолға түскен қылмыскер кінәсін мойындап, жәбірленушінің телефонын қайтарды. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өзін ер адам деп таныстырып, адамдардың ұялы телефонын қолды қылған алаяқ ұсталған еді.

Сондай-ақ, айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда 45 жастағы қала тұрғынының 15 мың теңгесін қолды қылған 24 жастағы жігіт жайлы жазған едік.

Сонымен қатар, Петропавлда 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876903-karagandyda-er-adam-ksede-jeldi-aly-telefonyn-tartyp-aldy/

pixel