RU

Қазақстанда бір апта ішінде 26 адам коронавирустан көз жұмды

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

21 және 27 қыркүйек аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 26 адам көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өткен аптада COVID-19 вирусынан Нұр-Сұлтан қаласында - 2 адам, Алматы қаласында - 3 адам, Шымкент қаласында - 1 адам, Атырау облысында - 4 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Жамбыл облысында - 2 адам, Батыс Қазақстан облысында - 3 адам, Қарағанды облысында - 2 адам, Қостанай облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирус барлығы 107 833 адамнан анықталған, оның 102 805-i қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықты. Ал 1725 науқас дерт салдарынан көз жұмды.

Еске салсақ, COVID-19 індетіне қарсы белсенді емес қытайлық вакцина жыл соңына дейін сатылымға түсуі мүмкін. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

Оған қоса, Атырау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Тиісті құжатқа сәйкес, өңірдегі шектеу шаралары 12 қазанға дейін ұзартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876906-kazakstanda-bir-apta-isinde-26-adam-koronavirusten-kz-zmdy.html