RU

Рудный қаласының әкімі отставкаға кетті

фото
Фото: qostanai.media

Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов отставкаға кетті. Ол бұл қызметті 9 жылдан астам уақыт атқарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Рудный шаһарының басшысы Бақытжан Ғаязов қызметінен босатылды. Ол отставкаға кету туралы өтініш жазған және оның өтінішін Қостанай облысының әкімі мақұлдаған.

Ол бұл қызметті 2011 жылдың маусымынан бастап, яғни 9 жылдан астам уақыт бойы атқарып келген. Шенеуніктің бұндай шешімге неліктен келгені белгісіз.

Қазір қала басшысының міндетін бұған дейін орынбасар болған Е.Скаредина уақытша атқарады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ай сайын 766 мың теңге жалақы алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар осы өңірде құс тұмауының өршуіне байланысты карантин режимі енгізілді.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім-жітім байқалмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876915-rudnyj-kalasyny-kimi-otstavkaga-ketti.html