RU

Павлодар облысында ҚАЖД-ға жаңа басшы тағайындалды

Әділет Мұстафинов тағайындалды
Фото: Pavlodarnews.kz/Валерий Бугаев

Павлодар облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Лауазымды орынға 49 жастағы Әділет Мұстафинов келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы органның жаңа басшысын әкімдіктің аппарат отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов таныстырды. Бұл туралы жергілікті Pavlodarnews.kz басылымы хабарлады.

Өңір басшысы Әділет Мұстафиновке жұмысына сәттілік тіледі.

Әділет Қажетұлы Мұстафинов 1971 жылы Шығыс Қазақсатн облысында туған. Мамандығы – заңгер. 1995 жылы Ішкі істер министрлігінде жұмысын бастаған.

2000-2006 жылдары Павлодар облысының салық полициясында қызмет атқарды.

2010-2016 жылдары қылмыстық атқару жүйесі органдарында қызмет етті.

2016 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары болды.

Еске ссала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында да жаңа тағайындаулар болды. Бақыт Есімова өңір басшысының орынбасары қызметіне келді. Айта кетсек, ҚРазақстан Республиккасының президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін бұған дейін Есімова атқарған.

Оған қоса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экс-кеңесшісі де жаңа қызметке тағайындалды. Олжас Құдайбергенов ұлттық экономика министрлігі жанындағы басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876926-pavlodar-oblysynda-kazd-ga-zaa-bassy-tagajyndaldy.html