Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы тәртіпсіздік: жеті адамға қатысты сот үкімі шықты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Бүгін Алматы горнизонының әскери сотында Қордайдағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан жеті адамға қатысты үкім шығарылды. Оған қоса, сотталғандардың әрқайсысы түрмеде жазасын өтеп қана қоймай, зардап шеккендердің қорына 20 АЕК көлемінде ақша аударуға міндеттелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, Ерлан Буралкинов, Алмат Тілеуғалиев, Ұлан Атанбаев (әскери қызметші), Абзал Нұраханов, Мырзағали Дүйсенбаев, Рүстем Бежібаев, Бақытбек Ибрагимов сот шешімі бойынша Қордайдағы тәртіпсіздіктердің қатысушылары болып танылып, әрқайсысы түрлі жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған қоса, олар тағайындалған басты жазадан бөлек, зардап шеккендердің қорына 20 АЕК көлемінде ақша аударуға міндеттеледі.

Ресми мәліметке сәйкес, Қордай ауданы Алматы горнизонына қарайды. Оған қоса, сотталған бір азамат әскери қызмет атқарған. Сол себепті осы қылмыстық істер әскери сотта қаралды.

Сот үкіміне сәйкес, Ерлан Буралкинов, Алмат Тілеуғалиев пен Ұлан Атанбаев үш жылға бас бостандығынан айырылды. Рүстем Бежібаев төрт жылға, Мырзағали Дүйсенбаев бес жылға сотталды. Бесеуі де жазасын  қауіпсіздігі орташа дәрежедегі мекемеде өтейді.

Ал сот Абзал Нұрахановқа 8 жыл берсе, Бақытбек Ибрагимов 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Алғашқысы жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде, екіншісі қауіпсіздігі максималды колонияда өтейді.

Сотталғандардың өздері сот үкімімен келіспейді деп хабарлайды КТК арнасы.

"Мен шығарылған үкіммен келіспеймін. Мен қылмыс жасаған жоқпын. Ұрлық жасамадым, адам өлтірмедім. Мен апелляцияға беремін. Мен мүгедекпін" , - деді Алмат Тлеуғалиев.

Ал аса ірі көлемдегі ұрлық үшін сотталған Мырзағали Дүйсенбаев жазаны жұмсартуды сұрады.

"Мен Қордай ауданында такси жүргізушісі болып жұмыс істедім. Тәртіпсіздік кезінде ешкімді тонаған жоқпын. Енді мені соттап жатыр. Үйде балаларым бар. Мен жазаны жұмсартуды сұраймын" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876934-kordajdagy-trtipsizdik-zeti-adamga-katysty-sot-kimi-sykty/

pixel