RU

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек табыстады

Көмек
Фото: СІМ ресми сайты

Қазақстан су тасқынынан зардап шеккен Ауғанстан еліне гуманитарлық көмек табыстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

5 мыңнан астам мұқтаж отбасына берілуі тиіс азық-түлік құрамына макарон өнімдері, ұн, күнбағыс майы және қоюлатылған сүт енді.

Су тасқынынан зардап шеккен Қабыл провинциясының тұрғындарына еліміздің атынан гуманитарлық көмекті табыстау рәсіміне Қазақстанның Ауғанстандағы Елшісі Әлімхан Есенгелдиев қатысты.

Сонымен қатар, Қабыл провинциясының губернаторы Мохаммад Якуб Хайдари және АИР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Гулам Бахауддин Жилани да іс-шараға қатысқан. Олар Ауғанстан Үкіметі мен халқының атынан қиын-қыстау уақытта қол ұшын созған Қазақстан еліне алғыс білдірді.

Елші болса, Қазақстан мен Ауғанстан елінің достық қарым-қатынасына баса назар аударып, Қазақстан осы қиын жағдайда өңір елдеріне, соның ішінде Ауғанстанға жан-жақты қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Айта кетсек, еліміздің атынан гуманитарлық көмек Ауғанстанның барлығы 8 провинциясында зардап шеккендердің арасында таратылған. Азық-түлік Қабылдан бөлек Панджшер, Логар, Балх, Парван, Бағлан, Вардак және Саманган провинцияларында табысталған.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанға гуманитарлық көмек тасыған ұшқыш пневмониядан көз жұмғанын жазған едік.

Одан бөлек, Араб шейхі Қазақстанның мұнайлы өлкесіне гуманитарлық көмек жібергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876950-kazakstan-auganstanga-gumanitarlyk-kmek-tabystady.html