RU

"Полицияға қарсылық көрсетті": Қазығұртта ағайынды екі жігіт тұрғынды ұрып-соққан

тәртіп сақшысы1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында ағайынды екі жігіт жергілікті тұрғынды ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Олар оқиға орнына жеткен тәртіп саұшыларына да қарсылық көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, келеңсіз жағдай Қазығұрт ауданында орын алған. Жергілікті тұрғын көше бойында кетіп бара жатқанда белгісіз біреулер тиіскен. Олар өзара дауласып, сөзге келіп қалған. Содан күдіктінің бірі жәбірленушіге соққы дарытып, ол тәртіп сақшыларын шақыртқан.

Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полицейлер күдіктілердің жеке-басын анықтап, мекен-жайлары арқылы тапқан.

Белгілі болғандай, бұзақылық жасаған ағайындылар тәртіп сақшыларына балағат сөздер айтып, заңды талаптарға бағынғысы келмеген.

Ведомство мәліметінше, олар өздерінің дөрекі мінезін көрсетуін жалғастырып қана қоймай, учаскелік полиция қызметкерінің біріне күш қолданған. Оны ұрып-соққаны анықталды.

"Күдікті ағасы мен інісіне қылмыстық кодекстің 380-бабы - (Билік өкіліне қатысты күш қолдану" және 378-бабы - "Билік өкілін қорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де қамауға алынып, бүгінде соттың қаулысымен кепілмен босатылған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысында жолаушыны 30 мың теңгеге алдап соққан таксист ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876954-policiaga-karsylyk-krsetti-kazygrtta-agajyndy-eki-zigit-trgyndy-ryp-sokkan.html