Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бет-аузын бояп алған Айжұлдыз Адайбекова көшедегі елдің зәресін ұшырды (видео)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова гриммен
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова өзінің гримм жасау өнерімен көшедегі жұртшылықты әбден қорқытты. Бет-аузын бояп алған ару адам танымастай болып өзгеріп, тапа-тал түсте далада жүрген халықтың зәресін ұшырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова бұған дейін де бетіне ерекше гримм жасау өнерін қалың көпшілікке паш етіп жүрген. Ол әлеуметтік желіде өз жұмыстарының видеосын жариялап келді.

Алайда, бұл жолы дизайнер ару қорқынышты образымен ел алдына шығып, халықтың әсерін өз көзімен көріп қайтты. Айжұлдыз Адайбекова құрбысымен бірге бет-аузын бояп алып, алдыларынан шыққан адамдарды әбден қорқытты.

Түсініксіз жануарлардың кейпіне енген бойжеткендер тапа-тал түсте жұртшылықтың зәресін ұшырды. Жанар Айжанованың қызы бөліскен видеодан көшеде жүрген адамдардың аң-таң болып, беті боялған қыздарды бірден камераға түсіре бастағанын байқауға болады.

Желі қолданушылары Айжұлдыздың бұл қылығына қатысты пікір білдірді. Олардың ойы екіге бөлінді. Бірі өнерлі аруды қолдап жатса, енді бірі оның әрекеті артық болды деп есептейді. Тағы кейбір оқырмандар Адайбековаға жақында ғана келін атанғанын еске салып, оған ерсі қылық танытпауға шақырды.

"Меніңше, бұл да өнер. Осындай образ жасай алмайтындар жетерлік" , "Өнер деп қабылдаңыздар, сынауға келіспейтін нәрсе" , "Адамдардың зіресін ұшырыпсың ғой. Орындықтағы аға қатты қорқып кетті" , "Мына қылығыңыз артық болған. Не үлгі беріп жатырсыз?", "Недеген батылдық" , "Жақында ғана келін болған қызға ұқсамайды", "Келін болдыңыз ғой. Мұндайды қойған дұрыс шығар" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876978-bet-auzyn-boap-algan-ajzldyz-adajbekova-ksedegi-eldi-zresin-syrdy-video/

pixel