RU

Жаңа оқу жылынан бастап 104 оқушы коронавирус жұқтырды

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстанда 104 оқушы індетке шалдыққан. Соның ішінде 33 бала мектепте кезекші сыныптарда оқып жүрген оқушылар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Оқу жылы басталғалы бері 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырды, соның 33-і кезекші сыныптарға барып жүрген балалар. Олармен байланыста болған 550 адам анықталды, олардың жетеуі дертке шалдыққан", – деді денсаулық сақтау министрі.

Цойдың сөзінше, қашықтан оқитындар арасында 71 оқушыда коронавирус диагнозы расталңае. Олар 240 адаммен байланыста болған, он бесі инфекция жұқтырды.

"Барлық оқушы мектепке барып оқығанда, байланыста болғандар саны кемінде 1 500 адамға дейін өсіп, оқушылар, мұғалімдер мен отбасы мүшелері арасында ауру таралып кететін еді", – деді ол.

Осыған байланысты әкімдер мектептерде санитарлық-дезинфекциялық, маска режимі және басқа да профилактика шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуі қажет, деп толықтырды денсаулық сақтау министрі.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 75 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 107 908-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, 21 және 27 қыркүйек аралығында республика бойынша коронавирус инфекциясынан 26 адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876984-zaa-oku-zylynan-bastap-104-okusy-koronavirus-zktyrdy.html