Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өтірік": Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына қатысты тарап кеткен жаңалықты жоққа шығарды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің денсаулығы жайлы әлеуметтік желілерде тарап кеткен ақпаратты жоққа шығарды. БАҚ өкілі ешқандай дертке шалдықпағаны мен дәрі ішпегенін кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы ғаламтор кеңістігінде өзіне қатысты жарияланған жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Ол Instagram парақшасы арқылы ақпараттың жалған екенін айтып, оқырмандарына алданып қалмауын сұрады.

Оған қоса, тележүргізуші жазбасында өзі туралы өтірік жазған авторға үндеу жасады. Сұлтанқызы оған біреуге өлім тәлеудің орнына өзіне өмір тілеуге кеңес берді.

"Ләйлә, шынымен ауырып тұрдың ба не? Сыр бермедің ғой. Ләйлә, шынымен көмектесті ма? Мен де алайын деп ем". Бүгін осындай хаттардың 30 шақтысы келген шығар. Өтірік! Фейк жаңалық! Ешқандай дәрі ішіп жүрген жоқпын, аурудың бетін аулақ қылсын. Біріншіден, «Балапанның» директоры үш жыл бұрын ауысқан. Екіншіден, Лейла Сенгирбекова болмағалы қашан. Үшіншіден, орысша сұхбат бермеймін. Төртіншіден, автор өзгеге өлім тілегенше, өзіне өмір тілесе жөн еді. Расталмаған ақпаратқа сенбеңіздерші" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфир кезінде қандай ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтқан болатын. Белгілі болғандай, студияға келген қонақтың гүл шоғынан оның мұрны қышып, қатты түшкіргісі келген. Алайда, ақпарат өкілі эфир мәдениет сақтау үшін барынша шыдап отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1876991-tirik-ljl-sltankyzy-densaulygyna-katysty-tarap-ketken-zaalykty-zokka-sygardy/

pixel