Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Нұрлан Әубәкіров 312
Нұрлан Әубәкіров. Фото: inbusiness.kz

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Нұрлан Әубәкіров Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша, сондай-ақ Д. А. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын бюджеттік банктің аға ревизоры болып бастады. Қарағанды облыстық қазынашылық басқармасында, Қарағанды облысы бойынша экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасында, Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде жұмыс істеген.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының басшысы, Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

2009 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданын басқарды. Содан кейін Қарағанды әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан 2012 жылға дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданының әкімі, 2012 жылдан 2014 жылға дейін Балқаш қаласының әкімі болды.

2014 жылдың маусым айынан 2020 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласының әкімі қызметін атқарды.

Айта кетейік, Халел Әкімжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Сарыарқа ӘКК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Бұған дейін Нұрлан Әубәкіровтің орнына Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалғанын жазған едік.

Сондай-ақ, жақында Бақыт Есімованың Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1876997-karagandyny-bryngy-kimi-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel