RU

Ғалымдар: Ана сүті нәрестені коронавирустан қорғайды

Ана
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытай ғалымдары ана сүті нәрестені коронавирустан қорғайды деген болжам жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы gazeta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейжің химиялық технологиялар университетінің ғалымдары bioRxiv сервисінде өз зерттеуінің нәтижелерімен бөліскен.

Зерттеушілер адам өкпесі мен ішегінің сау жасушаларын ана сүтімен араластырып, жасушаға SARS-CoV-2 дертін жұқтыруды тырысады. Нәтижесінде вирус жасушалардың деніне ене алмайтыны байқалған, індет жасушаға енгеннің өзінде оның одан әрі талалуына мүмкіндік болмаған.

Бұл ана сүтінің коронавирусты бәсеңдете алатынын, тіпті өзге де вирустардың қарқынын азайту мүмкіндігіне ие екендігін аңдатады дейді мамандар.

Бұған дейін ғалымдар жаунарлардың сүті де өз төлдерін коронавирустан қорғауға мүмкіндік беретінін анықтаған.

Осылайша, ана сүті баланы коронавирустан қорғауда зор рөл атқарады деген тоқтамға келген ғалымдар COVID-19 дертін жұқтырған аналарға сәбиін емізуді доғармауға кеңес берді.

Еске салсақ, бұған дейін біз Жапония ғалымдары коронавирус дертін жұқтырудың қаупін он мың есе азайтуға мүмкіндік беретін жеміс түрін анықтағанын жазған едік.

Одан бөлек, ресейлік диетолог-дәрігер әрі аллерголог-иммунолог Марина Аплетаева күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер бар тағамдарды пайдалану керектігін айтып бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877020-galymdar-ana-sti-nresteni-koronavirustan-korgajdy.html