RU

24 сағат ішінде 299 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияны жұқтырған

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша соңғы ақпаратты жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақпарат Coronavirus2020.kz Telegram арнасында жарияланған.

"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 299 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 96 адам емделіп шықты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 1 тамыздан бастап ауырғандар саны 32 799-ға жетті. Сонымен бірге 353 өлім жағдайы тіркеліп, тағы 27 169 адам ауруды жеңіп шыққан.

Еске ала кетсек, өткен тәулікте 75 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 107 908-ге жетіп отыр.

Сонымен бірге бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың карантиндік-санитарлық талаптарды сақтамауы қатаң карантиннің қайта енгізілуіне әкеп соғуы мүмкін екенін мәлім еткен болатын.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау және Ақтөбе облыстарына қайтадан блок-бекеттер қойылғанын жеткізді. Атап айтсақ, төрт блок-бекет пен 2 санитарлық бекет орнатылған.

Еліміздің бас полицейінің айтуынша, карантин режимін бұзған 28 мың жағдай анықталған. Соның ішінде сауда орталықтары, дүкендер мен базарларда 4,6 мың ереже бұзушылық болған. Тағы 1,7 мыңы мейрамхана, кафе және басқа да қызмет көрсету нысандарына тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877030-24-sagat-isinde-299-adam-covid-19-belgileri-bar-pnevmoniany-zktyrgan.html