Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай қаласының әкімі қанша жалақы алатынын айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/akhmetov_kzh

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов жалақысының мөлшерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қайрат Ахметов өзінің жалақысы туралы Antikor life эфирінде жариялады. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қанша еңбекақы алатынын айтқан болатын. Оның сөзінше, өңір басшысының жалақысы 766 000 теңгені құрайды, бұл қала басшысының жалақысынан 300 000 теңгедей артық.

Сонымен қатар, осы өңірде құс тұмауының өршуіне байланысты карантин режимі енгізілді.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, ірі құс фабрикаларында өлім-жітім байқалмайды.

Одан бөлек, кеше Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязов отставкаға кетті. Ол отставкаға кету туралы өтініш жазған және оның өтінішін Қостанай облысының әкімі мақұлдаған.

Шенеунік бұл қызметті 2011 жылдың маусымынан бастап, яғни 9 жылдан астам уақыт бойы атқарып келген. Шенеуніктің бұндай шешімге неліктен келгені белгісіз.

Қазір қала басшысының міндетін бұған дейін орынбасар болған Е.Скаредина уақытша атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877033-kostanaj-kalasyny-kimi-kansa-zalaky-alatynyn-ajtty/

pixel