Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдар азып-тозды": Перуашев халыққа несие беруші банктерге үндеу жасады

Опубликовано:

теңге жапырқа
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс депутаты биліктің пандемияға байланысты енгізген шектеулері салдарынан шағын және орта бизнестің күйреп, халықтың жаппай кедейлене түскенін айтты. Осыған байланысты ол барлық несиелер бойынша шекті пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Азат Перуашев Дүниежүзілік банктың деректерін келтіріп, осы жылы кедейлене түскен қазақстандықтардың саны 1,5 есеге өскенін айтты. Яғни кедейлер қатарына 800 мың адам қосылып, жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асқан.

"Яғни біздің елдегі әрбір сегізінші азамат кедейлік шегінде өмір сүреді деген сөз. Бұл мұнай өндіретін мемлекет үшін қорқынышты әрі қолайсыз сандар. Сол себепті несиелік рақымшылық сұрайтын азып-тозған адамдардың талабы орынды әрі түсінікті", - деді мәжілісмен.

Алайда оның ойынша, бұл талаптар азаматтардың кедейленуінің және олардың бітпейтін қарыз шұңқырына түсуінің негізгі себебі емес. Өйткені өткен жылы да аз қамтылған адамдардың жалпы алғанда 106 млрд теңге несиесі кешірілген. Алайда бұл мәселенің түп тамыры шешілмегендіктен, бүгінде одан сайын өрши түскен.

Депуттаттың сөзінше, оның негізгі бірінші себебі - Ұлттық Банк пен қаржы нарығы агенттігі жасанды түрде қыздыратын банктердің жоғары мөлшерлемелері.

Екінші себеп - Қаржы министрлігінің жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдаудан бас тартуында. Осындай заң арқылы төлеуге қабілеті төмен отбасылардың несие берушілерден қорғануына, олардың баспаналары мен әлеуметтік кепілдіктерін сақтауға мүмкіндік береді.

"Адамдар азып-тозып банктерден қорған сұрауға мәжбүр. Осыған байланысты "Ақ жол" ҚДП депутаттық фракциясы барлық ипотекалық, тұтынушылық несиелер мен шағын және орта бизнеске арналған несиелердің шекті пайыздық мөлшерлемелерін ақылға қонымды деңгейге дейін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды сұрайды (7-8%). Бұл деңгей азаматтардың кедейленуі мен азып-тозуына жол бермейді", - деді Перуашев.

Сонымен бірге ол "Жеке тұлғалардың банкрот болуы туралы" заң жобасын тез арада қарастыру керек деп есептейді.

Оның сөзінше, олай болмаған жағдайда несиелік рақымшылық жасау талаптары тұрақты сипатқа ие болады. Ал бұл қаржы жүйесін бұзады және осы уақытқа дейін банк алдындағы міндеттемелерін орындауға тырысқан азаматтарды да үшін де несиесін төлемеуге мәжбүр етеді.

Еске сала кетсек, мәжілісмен Айқын Қоңыров Қазақстанда азық-түлік купонын беруді, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғаларға ауқымды несиелік рақымшылық жасауды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877044-adamdar-azyp-tozdy-peruasev-halykka-nesie-berusi-bankterge-ndeu-zasady/

pixel