RU

1,2 млн долларға қатысты іс: Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды

Мамунов
Фото: ehonews.kz

Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты үкімді жариялады. Оған алаяқтық жасады және пара беруге үгіттеді деген айып тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот шенеунікті 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Оның қылмыстық жолмен алынған мүлкі, оның ішінде Lexus көліктері мен жылжымайтын мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтегі жұмысқа өмір бойына тыйым салынды.

Белгілі болғандай, Руслан Мамуновқа Қостанайдың 13 жылға сотталған бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1 млн 200 мың доллар алған деген айып тағылған.

Ол оның есесіне мерзімді қысқартуға және тәркіленген мүлікті қайтаруға көмектесуге уәде беріпті.

Экс-әкімнің туыстары оның берген уәдесін орындамады деген қорытындыға келіп, құқық қорғау органдарына арыз жазды.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады. 40 жастағы Руслан Мамунов өткен жылдың қараша айында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды, оған дейін ол "Ақтөбе" ӘКК-ны басқарды.

Айта кету керек, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын хабарлаған болатын. Ол шамамен 10 күн бұрын Мамунов өзінің қамауға алынғанына байланысты ақпаратқа пікір білдірген еді. Ол Facebook әлеуметтік желісінде арнайы видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877049-12-mln-dollarga-katysty-is-aktbe-oblysy-kimini-eks-orynbasary-12-zylga-sottaldy.html