RU

Қамауда отырған Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері өзіне қол салмақ болды

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының бас бухгалтері тергеу изоляторында өз-өзіне қол салмақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Пара беріп, ақша жымқырды деп айыпталған Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері Бабашева тергеу изоляторында өзіне қол салуға әрекет жасаған.

Тамыз айында өткен сот отырыстарының бірінде қамауда отырған Бабашеваның науқас екені, сот отырысына қатыса алмайтыны хабарланды.

Мемлекеттік айыптаушы мен айыпталушы Бабашеваның адвокаты сараптама жасауға өтініш берген. Сот өтінішті қанағаттандырды.

Сараптама тағайындалған соң колониядан Бабашева дәрі ішіп уланбақ болғаны туралы ақпарат келген.

Осыған байланысты оның психологиялық және эмоциялық жағдайын анықтау қажеттілігі туындаған.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда "Астана Халықаралық әуежайы" АҚ -дағы ұрланған ақша ісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлаған едік.

Аталған істе компанияның бұрынғы бас бухгалтері Әлия Бабашева күдікті болып танылған.

Қылмыстық іс 1,7 млрд теңгенің ұрлану фактісі белгілі болғаннан кейін кейін қозғалды.

Аталған қылмыстық әрекетке қазір жұмыстан қуылған бас бухгалтер күдікті болып отыр. Одан бөлек, басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Мыңжасов та қызметінен қуылды.

Дегенмен, басылымда еңбек шарты бұзылған соң Мыңжасовқа бірнеше миллионды құрайтын өтемақы төленгенін хабарлады. Ал әуе айлағының тікелей басқарма басшысы Рәділбек Әдімолда өз лауазымын сақтап қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877056-kamauda-otyrgan-nr-sltan-uezajyny-bas-buhgalteri-zine-kol-salmak-bolgan.html