RU

Миына екі ине қадалғанын ұзақ жылдар білмей келген әйел дәрігерді таңырқатты (фото)

Ми
Фото: odditycentral.com

Қытайда 29 жастағы әйел ұзақ жылдар бойы миына екі бірдей ине қадалғанын білмей келген. Ол мұны аяқ асты анықтайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қытайдың Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қаласында тұратын 29 жастағы әйел жол апатына түседі деп жазады odditycentral.com басылымы. Айтарлықтай жарақат алмаған әйелге дәрігерлер сақтық үшін компьютерлік томографиядан бір рет өтіп шығуға кеңес береді.

Ми
Фото: odditycentral.com

Кеңеске құлақ асқан әйел томография нәтижелерін көргенде, өз көзіне сенбеген. Дәрігерлер оның басынан жол апаты салдарынан болған жарақаттарды таппаса да, таңғаларлық жайттың куәсі болған.

Әйелдің дәл ми тұсына бес сантиметрлік екі бірдей ине қадалған екен. Дәрігерлер оның басына ине бала кезінде қадалған деп топшылады.

Ми
Фото: odditycentral.com

Басы ешуақытта ауырмағанын алға тартқан әйел иненің басына қалайша және қашан қадалғанын білмейтінін айтуда. Дәрігерлер де өте жіңішке инелер миға еш зақым келтірмей қадалғанына таң болған.

Көп ұзамай, әйел томография нәтижелерін полицияға ұсынып, иненің қалай қадалғанына болжамы барын алға тартты. Ол бұл жайтты тергеу аяқталғанға дейін құпияда сақтауды ұйғарып, иненің қадалу жағдайына байланысты полицияға шағым түсірген,

Еске салсақ, бұған дейін біз абайсызда түйреуіш жұтып қойған жасөспірім өмірімен қош айтыса жаздағанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877064-miyna-eki-ine-kadalganyn-zak-zyldar-bilmej-kelgen-jel-drigerdi-tayrkatty-foto.html