RU

"Қайрат өзін қорғап қалған": Айдарбекова ұлына қатысты дауға жауап берді

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың қатысуымен Ақтау қаласында орын алған оқыс оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Белгілі хитменнің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова даулы мәселеге қатысты бар шындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекованың айтуынша, аталмыш оқиғида жұлдызды ұлының еш қатысы жоқ. Ол Қайрат Нұртасты дауға қалдырған мәселенің анық-қанығын "Опмай-Опмай" баңдарламасында айтып берді.

"Ол жерде негізі басқа адам еді. Әйтеуір маған гүл беремін деп бір жігіт келген екен. Соған кіргіз деген. Сол кезде күзетші жүгіріп шыққан. Неге екенін білмеймін, жүйкесі тозған кісі ма деп қалдым. Өзі бірінші қол жұмсаған. Оның барлығы камерада тұр. Қайрат тек қана өзін қорғап қалған. Бірақ, ол жерде тұмсығын сындырған жоқ. Ол жерде біздің еш қатысымыз жоқ. Бірақ, Қайраттың аты болғаннан кейін, ақша жасап қалам ба деген ойлар да болады.
"Мынадай миллион бересіздер ме" деген сияқты. Алайда, Қайрат ешкімге ақша бермейтінін айтты. Ол өзінің кінәсі жоқ екенін беске біліп тұр. Мен де ұлымды кінәлі деп айта алмаймын. Қолымдар барлық видеолар, дәлелдер бар. Ол жерде Қайраттың тіптен қатысы жоқ. Бірақ, оның атын шығаруға құмар ғой" , - деп жауап берді белгілі продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың Ақтау қонақүйлерінің бірінде күзетшімен төбелесіп, оның мұрнын бұзғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тәртіп сақшылары бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме беріп, төбелеске әншінің қатысы бар-жоғын айтуға құқылары жоқ екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877067-kajrat-zin-korgap-kalgan-ajdarbekova-lyna-katysty-dauga-zauap-berdi.html