Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Борат" фильмінің жалғасы қашан шығатыны белгілі болды

Опубликовано:

Борат 5646
Фото: everettcollection.com

"Борат" фильмінің жалғасы Amazon платформасында шығады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Variety басылымының мәліметінше, фильм АҚШ президенттік сайлауының алдында көрсетіледі.

Белгілі болғандай, "Борат" фильмінің жалғасы пандемия кезінде құпия түрде түсірілген. Басты рөлді сомдайтын Саша Барон Коэн жақында Лос-Анджелесте бой көрсеткен. Ол фильмнің бірінші бөліміндегі кейіпкерінің образында болған.

Фильмнің нақты қай күні жарыққа шығатыны белгісіз. Алайда, басылымның дереккөздері премьераның Amazon Prime Video платформасында АҚШ-тағы президент сайлауына дейін өтетінін хабарлады. Айта кетейік, Америкадағы президенттік сайлау қараша айына жоспарланған.

Бұған дейін атышулы "Борат" фильмінің жалғасы туралы тың ақпарат жария болғанын хабарлағанбыз.

АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сенсек, сиквелде АҚШ-тың бірнеше белді шенеуніктері бой көрсетеді. Олардың арасында АҚШ вице-преизденті Майк Пенс, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Руди Джулиани және өзгелер бар.

Фильм желісінде коронавирус індеті, Дональд Трамп пен Джеффри Эпштейннің төңірегіндегі сексуалдық дау-дамай сөз етіледі. Желіге сәйкес, Борат Сағдиев тым танымал болып кеткендіктен, өз тұлғасын жасырып, танымал адамдардан сұхбат алуға шығады деген ақпарат пайда болды. Десе де өзге дереккөз бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Еске салсақ, фильмнің алғашқы бөлігі әлем бойынша резонанс тудырып, Қазақстанда көрсетілуге тыйым салынған болатын. Кейін фильмнің жалғасы түсіріліп жатқаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877081-borat-filmini-zalgasy-kasan-sygatyny-belgili-boldy/

pixel