RU

Нығматулин телефон арқылы Әзірбайжан парламентінің спикерімен сөйлесті

64655
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Әзірбайжан тарапының бастамасымен Қазақстанның парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Әзірбайжан Республикасы ұлттық мәжілісінің төрайымы Сахиба Гафарова телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тараптар Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты жағдайды талқылады.

Нұрлан Нығматулин әріптесіне сыртқы істер министрлігінің мәлемдемесінде көрсетілген қазақстандық тараптың позициясын жеткізді. Онда бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы қалыптасқан жағдайдың шешімін табуға болатыны айтылған.

Сондай-ақ тараптар әңгімелесу барысында екі ел парламентінің өзара әрекеттестігін нығайту мәселесін талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Әзірбайжан мен Армения халықтарына "мағынасыз қантөгісті тоқтатуға" үндеу тастаған болатын.

Ол қақтығысушы тараптарды "ашу-ызаны қойып, жағдайды ақылға салуды, кішіпейілділік танытып, әкелері мен аналарына балаларын тірі және сау көруге мүмкіндік беруге" шақырды.

Еске салсақ, Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Арменияның әуе күштері Қарабақпен шекарадағы елді мекендерді атқылағанын хабарлады. Осы мәліметтерге сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Арменияның қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, Қарабаққа әуеден шабуыл жасалған.

Сондай-ақ Арменияның Ресейдегі елшісі Түркияның әскери әрекетке дайындалып жатқан әскерлерін Сириядан Таулы Қарабаққа ауыстырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877094-nygmatulin-telefon-arkyly-zirbajzan-parlamentini-spikerimen-sjlesti.html