RU

ВИЧ-тен жазылған ең бірінші адам қайтыс болды

вич
Көрнекі фото: pxhere.com

Әлем бойынша АИТВ-ні (ВИЧ) алғаш болып жеңген Тимоти Рэй Браун АҚШ-та қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Тимтои Рэй Браун жақын достары мен отбасының ортасында, өз үйінде қайтыс болған. Бұл туралы оны досы Тим Хеффген мәлім еткен.

"Тимоти лейкомиямен бес ай күрескен соң қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймын", - деді Хеффген.

Оның сөзінше, бақытты адам болып, науқас адамдармен үнемі байланыста болған.

Айта кетейік, қазіргі таңда тек екі адамның ғана ВИЧ-тен толық айыққаны туралы мәлімет бар. Ал Браун ВИЧ-ті жеңген жер бетіндегі алғашқы адам. Оған бұл диагноз 1995 жылы қойылған.

Тимоти Браун 2007 жылы лейкомияны емдеу үшін жілі мйын ауыстыруы процедурасынан өткен. Нәтижесінде Браун ВИЧ-тен айыққан. Дегенмен 2019 жылы ол ол қан қатерлі ісігінің рецидивімен ауырды.

Сонымен қатар Тимоти Рэй Браунда қатерлі ісіктің соңғы сатысы анықталғаны хабарланған. Дәрігерлердің сөзінше, трансплантация жасалған соң ВИЧ қайта пайда болмапты. Алайда қатерлі ісік организмге тарап кеткен.

Еске сала кетсек, Калифорнияның 66 жастағы тұрғы Лорин Уилленбергтің организмі АИТВ вирусын өзі жеңгенін жазған едік.

Лорин Уилленбергке қауіпті диагноз 90 жылдардың басында қойылған. Ғалымдар Лоринді жылдар бойы зерттеген. Өйткені оның иммунитеті вирусқа қарсы тұруға қабілетті болған.

Бүгінде ағзасында АИТВ іздері қалмаған әйел адамның айтуынша, ол вирусқа қарсы ешқандай дәрі қабылдамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877101-vic-ten-zazylgan-e-birinsi-adam-kajtys-boldy.html