RU

Мемлекет басшысы елшілерге қатысты кадрлық ауыс-түйістер жасады

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстанның өзге мемлекеттердегі елшілеріне қатысты кадрлық ауыс-түйістер жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

  • Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметінен босатылды;
  • Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарудан босатылды;
  • Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Еске сала кетсек, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Нұрлан Әубәкіров "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

Нұрлан Әубәкіровтің орнына Қарағандының жаңа әкімі болып Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877125-kasym-zomart-tokaev-birnese-seneuikti-elsi-etip-tagajyndady.html