RU

Ұлттық банк доллардың неліктен қайта қымбаттағанын түсіндірді

Доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық банк басшысының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық валютаның кезекті әлсіреуінің себебін түсіндірді. Бір ай ішінде доллар бірден 12,5 теңгеге өсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Молдабекованың айтуынша, қазақстандық валютаның арзандауына мұнай бағасының төмендеуі және алдағы көмірсутектерге деген сұранысқа қатысты нарықтық алаңдаушылығы себеп болып отыр.

Қазір әлемдегі эпидемиялық жағдай қайта ушығып кетті. Көптеген елдер жаңа шектеулер енгізуде, кейбіреулері екінші толқын туралы хабарлай бастады. Ұлттық банк бұл факторлар жанармайға деген тұрақты сұраныстың қалпына келу қаупін және әлемдік экономиканың өсу тәуекелдерін күшейткенін айтты.

Ұлттық Банктің түсіндіруінше, бұл факторлар отынға деген тұрақты сұраныстың ұзаққа созылған қалпына келу және әлемдік экономиканың өсу тәуекелдерін күшейтті.

Экономистер мен нарық ойыншылары мұнайға деген сұраныс пен "қара алтынды" тұтыну көлемі алдағы 1,5-2 жылда ғана қайта өседі деген ойда.

"Ливияда шикізат өндірісін қалпына келтіру мүмкіндігі мұнай бағаларына қысым көрсетіп отыр", - деді Молдабекова.

Мұнай бағасының құлдырауы теңгенің айырбас бағамына да айтарлықтай әсер етті. Brent маркалы мұнай баррелі 41 долларға, ал WTI 39,2 долларға дейін төмендеді.

Бүгін таңертең баға ұсыныстарының төмендеуі жалғасты, Brent 40,5 доллармен саудалануда, бұл ай басындағы деңгейден 10,5%-ға төмен. Сол кезеңде теңге бағамы 2,7% -ға әлсіреп, 431,64 дейін барды", - деп толықтырды Ұлттық банкте.

Молдабекова әлемдік қаржы нарығындағы құбылмалылықтың жоғарылауы және пандемияның екінші толқынының даму қаупі дамушы елдердің валюталарына кері әсерін тигізетіндігін атап өтті.

Ұлттық валютаның әлсіреуі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Түркия, Бразилия, Мексика және көршілес Ресейде байқалады. ЕО санкциялар тізімін кеңейту туралы хабарлама кезінде рубль әлсіреді.

"Осының аясында теңгенің айырбас бағамы сыртқы фундаментальды факторлардың динамикасына сәйкес қалыптасуда, оның бастысы - мұнай бағасы", - деп сөзін аяқтады маман.

Еске салсақ, бұған дейін біз ресейлік валюта бағамының құлдырауы теңгеге қалай әсер ететінін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, отандық сарапшы вирус салдарынан елде кедейлер саны 2 млн-нан асатынын айтқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877146-lttyk-bank-dollardy-nelikten-kajta-kymbattaganyn-tsindirdi.html