Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімі автобус жолағына байланысты жүргізушілердің наразылығына жауап берді

Опубликовано:

Алматы көшесі 2331
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматылықтар Сүйінбай даңғылындағы қоғамдық көлікке арналған жолаққа байланысты наразылық білдірді. Олар арнайы жолақтың көлік жүргізушілеріне елеулі кедергі келтіретінін жеткізді. Бүгін "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұрғындардың айтуынша, Сүйінбай даңғылындағы қоғамдық көлікке арналған жолақ үшін кептеліс туындауда. Тікелей эфир барысында олар әкімнен бұл мәселені қалай шешуге болатынын сұрады.

Өз кезегінде қала басшысы Сүйінбай даңғылымен күнделікті 45 мың адам 14 бағытта қоғамдық көлікпен қатынайтынын атап өтті.

"Арнайы жолақ бөлінгеннен кейін бірінші кезеңде жолаушылар легі 30 пайызға артады. Жүргізушілер үшін кептеліс мәселесі туындайтыны түсінікті. Менің ойымша, автобус жылдамырақ жүрген соң, көбісі көлікпен кептелісте тұрғанша, қоғамдық көлікке отыруды шешеді", – дейді Сағынтаев.

Сондай-ақ ол арнайы жолақты бөлудің алдында егжей-тегжейлі талдау жасалғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, жақында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында COVID-19 науқастарына арналған жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялаған болатын.

Кадр сыртындағы дауысқа сәйкес, бұл аурухана еліміздегі ең ірі COVID-19 госпиталі болып табылады.

Медициналық мекемеде Қазақстандағы ең үлкен реанимациялық палата жасақталған. Әр палатада 3 түрлі газдың шығуына мүмкіндік беретін жүйе орнатылған. Барлық коммуналдық жүйе тазарту құрылғысымен жасақталған.

Сондай-ақ Бақытжан Сағынтаев Алматыда биылғы жылыту маусымын әдеттегіден ерте бастауды тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877159-almaty-kimi-avtobus-zolagyna-bajlanysty-zrgizusilerdi-narazylygyna-zauap-berdi/

pixel