RU

Сағынтаев сауда орталықтарындағы сұлулық салондарының ашылу мүмкіндігін сөз етті

сауда орталығы 165
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде сауда ойын-сауық орталықтарындағы сұлулық салондарының ашылу мүмкіндігі туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астанадағы шағын және орта бизнес өкілдері сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі сұлулық салондарына қашан жұмыс істеуге рұқсат берілетінін сұрады. Олар қазір қиын жағдайда қалғандарын, отбасыларын асырау керектігін алға тартты. Айтуларынша, кейбір сауда орталықтары заңға бағынбай, өз беттерімен ашылып алған.

Қала әкімі өз бетімен ашылған сауда орындарын мониторингтік топ анықтап жатқанын, олардың жазасыз қалмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ ол қызметтерін жандандыруға рұқсат берілмеген азаматтарды сабыр сақтап, түсіністік танытуға шақырды.

"Жағдайларыңыз бізге түсінікті, ақша тапқыларыңыз келеді. Дегенмен, әлемде коронавирус бойынша қандай жағдай қалыптасып жатқанын көрудеміз. Еуропа қайтадан карантиндік шараларға оралуда. Мәскеуде 5-інен бастап мектептерде екі апталық демалыс жарияланды. 65 жастан асқандарға далаға шығуға тыйым салынды", – деп түсіндірді Сағынтаев.

Ол сондай-ақ карантин режимін бұзып жатқан бизнесмендерге ескерту жасап, халықтың денсаулығына қауіп төндірмеуді сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі автобус жолағына байланысты жүргізушілердің наразылығына жауап берген болатын.

Тұрғындардың айтуынша, Сүйінбай даңғылындағы қоғамдық көлікке арналған жолақ үшін кептеліс туындауда. Тікелей эфир барысында олар әкімнен бұл мәселені қалай шешуге болатынын сұрады.

Сондай-ақ жақында Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында COVID-19 науқастарына арналған жаңа модульдік аурухананың видеосын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877162-sagyntaev-sauda-ortalyktaryndagy-slulyk-salondaryny-asylu-mmkindigin-sz-etti.html