Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алдағы күндері жауын-шашын, желдің күшеюі және тұман күтіледі

Опубликовано:

жаңбыр 123
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Синоптиктер қазан айының басында елдің солтүстігінде жаңбыр, ал оңтүстігінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұратынын болжауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромед" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, осы аптаның аяғына қарай Қазақстанның солтүстігінде жауын-шашын болуы ықтимал.

Қазан айының басында Қазақстанның солтүстік өңірлерінің ауа райына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Бұл аудандарда жаңбыр жауу ықтималдығы жоғары болмақ.

Тек еліміздің батыс бөлігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстанның сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Осыған орай Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақыраған.

Сондай-ақ оңтүстік астанада биыл жылу беру маусымы уақытынан бұрын басталған болатын.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте жылуға әлеуметтік нысандар қосылды. 28 қыркүйектен бастап балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына жылу толық қуатында берілді.

Қалада барлығы білім берудің – 444, денсаулық сақтау саласының 133 нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көппәтерлі үй бар.

Сонымен қатар, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында қар жауғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877164-kazakstanda-aldagy-knderi-zauyn-sasyn-zeldi-kseui-zne-tman-ktiledi/

pixel