RU

Оралдағы құрылыс алаңында жұмысшы бесінші қабаттан құлап мерт болды (видео)

құрылыс
Көрнекі фото: astana.gov.kz

Оралда жұмысшылардың бірі құрылысы аяқталмаған үйдің 5-қабатынан құлады. 23 жастағы жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі нұсқа бойынша жұмысшының абайсызда апатқа ұшырағанына қарамастан, қалалық полицияда қылмыстық іс қозғалды.

"Ол өзі абайсызда 5-қабаттан құлады, ал алған жарақаттардан сол жерде көз жұмды. Осы факт бойынша біз 156-бап - еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша қылмыстық іс қозғадық", - деді Орал қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Жантемір Иманалиев.

Енді тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп, оларға құқықтық баға бермекші.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы құрылыс алаңында 18 жастағы Нигерия азаматын бетон плитасы басып қалған еді. Салдарынан ол аяғынан айырылды.

Эммануэль Оджебобо футболшы мансабын құру үшін Алматыға келген. Айтуынша, ол қазақстандық клубтарда ойнауды жоспарлаған.

Алайда нигериялық футбол ойнаудың орнына бөтен елде өмір сүру үшін құрылыс алаңына жұмысқа баруға мәжбүр болыпты.

5 қыркүйек күні нысандардың бірінде төтенше жағдай орын алған. Нигериялық азамат екінші қабаттан құлап, бетон плита оны басып тастаған.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағанды қаласының өрт сөндірушілері қаланың орталығындағы өртеніп жатқан пәтерден ер адамның мәйітін тапқанын жазғанбыз. Олар 3 адамды құтқарып, үйдің 9 тұрғынын эвакуациялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877179-oraldagy-krylys-alaynda-zmyssy-besinsi-kabattan-klap-mert-boldy-video.html