Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш АҚШ-тың MTV арнасында қазақ тілінде ән салған тұңғыш қазақстандық әнші атанбақ

Опубликовано:

Димаш
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Американың ең белді арналарының бірі MTV USA арнасынан Димаштың қазақ тіліндегі шырқалған әнінің бейнеклипі көрсетіледі. Ол - аталмыш елде өнерін мойындатып, қазақ тіліндегі бейнежазбасын ұсынған тұңғыш қазақ әншісі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Dimash News сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнебаянды MTV USA арнасының ресми YouTube парақшасы арқылы АҚШ-тан өзге кез келген ел тамашалай алады.

«Менің тыңдармандарыма, әлемнің әр түкпіріндегі менің өнерімді бағалайтын жанкүйерлеріме шын жүрегіммен алғыс айтамын. Олар менің бала арманымның орындалуына себепкер болды. Қазақстан ғана емес, төрткүл дүниедегі Dear-ларымның қолдауына разымын. Құрметім мен алғысым шексіз!», – деп жазды Димаш.

Бейнебаян Нью-Йорк уақытымен сағат кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында жүктелетіні белгілі болды. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі 03:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүктелмек. Бұл АҚШ елінде жұмадағы прайм-тайм болғандықтан, тура осы уақытта көрермендердің назары MTV арнасына ауады екен. Яғни, арна үшін қаралымы ең көп құнды уақыттардың бірі.

Еске салсақ, бұған дейін біз Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді бір-біріне айдап салып жүргендер барын айтып, ренішін білдіргенін жазған едік.

Одан бөлек, Димаш Құдайберген танымал актер Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмінде басты әндердің бірін орындағанын жазған болатынбыз. Димаш Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Джеки Чанның "Авангард" атты фильмі 30 қыркүйек күні прокатқа шығатынын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1877180-dimas-aks-ty-mtv-arnasynda-kazak-tilinde-n-salgan-tgys-kazakstandyk-nsi-atanbak/

pixel