RU

Дәрігерлер қандай дәруменнің жетіспеушілігі қатерлі ісікке алып келетінін айтты

Дәрі-дәрмек
Көрнекі фото: Хабар 24

Эндокринологиялық ғылыми-зерттеу орталығының маманы денеде Д витаминінің жетіспеуі қатерлі ісік жасушаларының дамуына әкелуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фатима Джзгоева Д витаминінің болуы кез келген жаста маңызды екенін және бүкіл денеге пайда әкелетінін айтты.

Бұл компоненттің жетіспеушілігі онкологиялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін, сонымен қатар онкологиялық аурулардың қайталану қаупін арттырады деп хабарлайды РИА Новости.

Эндокринологтың айтуынша, D витаминінің жетіспеушілігін 25 (ол D3) деңгейін анықтау үшін қан анализін жүргізу арқылы ғана анықтауға болады. Компоненттің жеткіліксіз мөлшерін сыртқы көрсеткіштер бойынша анықтау қиын.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясына қарсы қытайлық вакцинаның жыл соңына дейін сатылымға түсу мүмкіндігі хабарланды. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау комитетінің үгіт-насихат бөлімі мәлім етті.

Сондай-ақ, бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем бойынша коронавирус құрбандарының саны миллион адамнан асуы есеңгіретерлік жағдай екенін мәлімдеді.

Бас хатшы вакцинаға қол жеткізгенге дейін адамдарды қашықтықты сақтауға, бетперде тағып, қол жуып жүруге шақырды.

Сондай-ақ, Вирусолог күзде иммунитетті қайлай күшейтуге болатынын айтып берген болатын.

Маман бірінші кезекте індетке қарсы шараларды қатаң сақтауға шақырды. Әлеуметтік арақашықтық сақтап, қоғамдық орындарда бетперде тағудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол қолды жиі жуып, антисептик қолдану керектігін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877205-drigerler-kandaj-drumenni-zetispeusiligi-katerli-isikke-alyp-keletinin-ajtty.html