RU

Қазақстанда қос азаматтығы бар 284 адам анықталған

Паспорт құжат3
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Соңғы бір жыл ішінде Қазақстанда республикаға кіру және елде тұру үшін қазақстандық құжаттарды қолданған 284 бұрынғы азамат анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан көші-қон саласында халықаралық ынтымақтастық орнатуда. Соңғы екі жылда бұл салада ел 23 халықаралық келісімге қол қойды.

Олардың бесеуі көші-қон саласындағы ынтымақтастықты реттейді (Әзірбайжан, Беларуссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанмен), 15 -і адамдарды реадмиссия мәселелері (Беларуссия, Венгрия, Германия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Норвегия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария және Бенилюкс елдері) және үшеуі азаматтардың тараптар аумағында болу тәртібін анықтайды (Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстанмен).

Бұл келісімдер заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласындағы мәліметтермен алмасу тәртібін реттеді, көші-қон заңнамасын бұзушыларды басқа елдерге беру мәселесін шешті, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімдерін оңтайландырды.

Осылайша, жұмыс нәтижелері бойынша ІІМ Көші-қон қызметі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, жыл басынан бері қос азаматтығы үшін жауапқа тартылған Қазақстанның 284 экс-азаматын анықтады.

Олар өздерінің Қазақстан азаматтығынан айрылғанына қарамастан, ескі құжаттарды Қазақстан Республикасына келу және тұру үшін қолданған. Сондай-ақ олардың біразы шет мемлекеттің азаматтығын қабылдағаны туралы кеш хабарлағаны үшін жауапқа тартылды.

Осы бұзушылықтар үшін 266 адамға айыппұл салынды (277 800 теңгеден 555 мың теңгеге дейін), тағы 18 адам елден шығарылды. Мұндай жазаны сот тағайындады.

"Халықаралық келісімдер қос азаматтықты болдырмау жөніндегі жұмысты жеңілдетеді, өйткені қазақстандық тарап екінші тараптың азаматтығын алу туралы ақпаратты мүмкіндігінше тез алады", - дейді полиция.

Естеріңізге сала кетейік, Моңғолия мен Қазақстан арасында жаңа әуе рейсі ашылған еді.

Айта кетейік, Алматы аспанында айналып жүрген Air Astana ұшағы тұрғындарды алаңдатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877214-kazakstanda-kos-azamattygy-bar-284-adam-anyktalgan.html