Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ет қымбаттауы мүмкін: Қазақстанда ең ірі мал базары жабылды

Опубликовано:

ет
Көрнекі фото: pixabay.com

Карантин мен оңтүстіктегі мал базарларының жабылуы салдарынан Қазақстанда ет бағасы қымбаттауы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы ірі мал базарларының бірі карантинге байланысты бірнеше айдан бері жұмыс істемейді. Жергілікті фермерлер не малын сата алмай не оны сауда нүктесінен шығара алмай жүр деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғыны Бахадыр Мамасалиев өзінің және ауылдастарының басынан өтіп жатқан қиын кезеңдер туралы айтты. Айтуынша, ер адамның басында несие мен қарыздар бар екен. Ол мал саудасы ауылдағы ақша табудың жалғыз жолы екенін сөз етті.

"Біз жұмыс істейтіндей зауыттар мен фабрикалар да жоқ", - деп шағымданады ол.

Түркістан аймағындағы нарық Қазақстандағы ең ірі базарлардың бірі екенін атап өткен жөн. Мұнда елдің түкпір-түкпірінен арнайы сатылуға жануарлар әкелінеді. Базардың өзінде 7 мыңға дейін ірі қара мен ұсақ күйіс малын орналастыруға болады. Бүгінде базар жабылып, саудагерлер үлкен шығынға ұшырап отыр.

Алматы облысынан келген фермер Зиятхан Даурбаев малды алып кетуге тыйым салынғанын және сол себепті олар малды сол жерде ұстауға мәжбүр екенін айтады. Күн сайын мал бордақылауға 25 мың теңге алады.

Тараздық кәсіпкер Ержан Тоғысбек мұндай жағдайда ет бағасының өсіп кетуі әбден мүмкін екенін айтады. Мұның себебі - адамдар негізгі нарықта малды арзан бағамен сатып ала алмайды.

Сондай-ақ, мал базарының әкімшілігі де жарты жылдан астам уақыттан бері ешқандай кіріс ала алмай отыр. Кәсіпкердің айтуынша, базар директоры бұл мәселені шешу үшін облыс басшылығына жүгінген, бірақ нәтиже жоқ.

Мал базарының директоры Өткір Хасановтың өзі облыстағы осындай базарлардың жұмысын жалғастырып жатқанына шағымданды. Ол Сайрам ауданының әкімдігіне де, СЭС-ке де санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат беру туралы өтінішпен хат жазды. Алайды бәрі нәтижесіз болған.

Түсініктеме алу үшін телеарна журналистері тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі облыстық басқармаға да жүгінді. Мамандар жақын күндері жауап беруге уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде сауда ойын-сауық орталықтарындағы сұлулық салондарының ашылу мүмкіндігі туралы айтып берген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімі автобус жолағына байланысты жүргізушілердің наразылығына жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877227-et-kymbattauy-mmkin-kazakstanda-e-iri-mal-bazary-zabyldy/

pixel