RU

Парламент депутаттары: «Қашықтан оқыту» ұғымы заңмен бекітіледі

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Парламент депутаттары «Қашықтан оқыту» ұғымын заңмен бекітіп, құжатқа енгізу туралы бастама көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің парламент депутаттары қытымыр аязда да оқушылардың сабағы тоқтамауы үшін білімді үйден алу мүмкіндігін беретін «қашықтан оқыту» ұғымын заңмен бекітпек ниетте.

Халық қалаулылары аталмыш түсінікті құжатқа енгізу туралы бастаманы көтерді. «Білім туралы» заңдағы жаңа бапқа сәйкес, қашықтан оқыту білім беру органының нұсқаулығымен енгізілетін болады.

"Қашықтан оқыту" режимі қолайсыз ауа райынан бөлек, төтенше жағдай жарияланғанда немесе төтенше оқиға туындағанда, сонымен қатар карантин шектеулері енгізілгенде де іске қосылатын болады.

Аталмыш режим қажеттілік туындаған жағдайда орта, қосымша, техникалық және кәсіби білім беру орындарында, сондай-ақ, жоғары оқу орындарында қолданылуы мүмкін. Заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде үй тапсырмасынан бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын.

Одан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі балаларға COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупін азайту мақсатында мектептерде қолғап кию керек пе деген сұраққа жауап берген еді. Сондай-ақ, ол балаларды бетперделермен кім қамтамасыз ететінін, яғни ата-аналар ма немесе мектеп әкімшілігі ме деген сұраққа қатысты жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877235-parlament-deputattary-kasyktan-okytu-gymy-zamen-bekitiledi.html