Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы үздік мәслихат хатшылары анықталды

Опубликовано:

Оразалин М. Б.
Оразалин Медет Бектасұлы Редакция алқасының Төрағасы. Фото: Facebook

Депутаттарға арналған «Біздің Депутат» республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2020 жыл қорытындысы негізінде үздіктер рейтінгісі анықталды.

Республика бойынша «Үздік мәслихат хатшысы-2020» медаліне 1 облыс, 1 қала және 10 аудандық деңгейдегі мәслихат хатшылары лайық деп танылды.

Мандатқа ие 3470 депутаттың арасында 228 мәслихат хатшысы қызмет етеді. Солардың ішінен 12 мәслихат хатшысы үздік аталып отыр. Парламент депутаттары, мәслихат депутаттары және ардагер депутаттардан құралған редакциялық алқа кеңесі мұндай шараны төртінші жылы үзбей жалғастырып отыр.

Кестеме
Үздік мәслихат хатшылары мен депутаттар анықталды. Фото: Facebook

Халық алдында жауапкершілігі мол салада еңбек жасап отырған мәслихат хатшыларының қоғамда алар орны бар. Екі жүзден астам мәслихат хатшыларының арасында үздік деп танылу оларды жігерлендіреді деп ойлаймыз.

«Үздік мәслихат хатшысы-2020»

1. Түркістан облысы – Балабиев Қайрат Рахымұлы

2. Түркістан қаласы - Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы

3. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы - Қосаяқов Көптілеу Әбдірәшұлы

4. Атырау облысы, Мақат ауданы - Исмагулов Қуаныш Жанашұлы

5. Түркістан облысы, Отырар ауданы - Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы

6. Жамбыл облысы, Шу ауданы - Өмірәлиев Ержан Көрікбайұлы

7. Алматы облысы, Балқаш ауданы - Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы

8. Павлодар облысы, Екібастұз қаласы- Куспеков Болат Қайыржанұлы

9. Ақмола облысы, Целиноград ауданы – Ибраев Болатбек Мұхтарұлы

10. Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы - Сарманов Талғат Манафұлы

11. Қарағанды облысы, Балқаш ауданы - Тейлянов Қадыржан Гейнятұлы

12. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы - Сыздық Болат Мүбәрәкұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877245-kazakstandagy-zdik-mslihat-hatsylary-anyktaldy/

pixel